Сызу, 9 сыныб, Рахманов И., 2019

Сызу, 9 сыныб, Рахманов И., 2019.

Учебник по черчению для 9 класса на казахском языке.
 
   Сендер де елiмiздi өркениетке жеткізген бабаларымыз бен ғалым-зиялыларымыздың iстерiн жалғастырып жүрген атааналардың, аға-əпкелердiң қатарын көбейту үшін жақсы оқып, тиянақты бiлiм игеруге əрекет жасауларың қажет.
Барлық инновациялық техника мен технологиялардың тұрақты дамуы сендерге – оқушыларға байланысты. Бұл жерде сызу пəнiн басқа пəндермен қатар жетік иелеу арқылы инновациялық техника мен технологияларды жобалауға ұмтылу қажет болып саналады.

Сызу, 9 сыныб, Рахманов И., 2019


ҚИМАЛАР.
Кез келген тетiкбөлшек оның анық орындалған сызбасы арқылы жасалады. Стандарт талабына сəйкес тетiкбөлшек сызбасы барлық ықшамдаулар мен шарттылықтарды қолданып, ең аз көрiнiстерде салынуы қажет. Олай болмаса сызбаны оқу күрделенiп кетедi жəне тетiкбөлшектiң геометриясын оқу қиындап, жасалған тетiкбөлшек жарамсыз болып қалуы мүмкін. Тетiкбөлшектiң əр түрлi бөлiгiнiң пiшiнiн анықтау үшiн қима қолданылады. Оның iшкi құрылысын анық көру мақсатымен қимамен қатар тiлiк те қолданылады. Осылай жасалғанда тетiкбөлшектiң көрiнiстер саны азаяды.

Қима дегенде біз тетікбөлшектің пішінін оның білігіне перпендикуляр жүргізілген жазықтық арқылы анықтау əдісін түсінеміз. Сонда жазықтықта пайда болған бет қима деп аталады. Қима стандартқа сəйкес орындалады. Қима əдісі көбінесе вал, білік, шатунь секілді тетікбөлшектердің пішіні мен олардағы ойық шұңқыр, бөртік сияқтылардың геометриясын анықтауда қолданылады. Бұндай элементтердің біліктері арқылы тетікбөлшек білігіне перпендикуляр етіп қиюшы жазық жүргізілсе, тетікбөлшектің көлденең қимасы пайда болады.

МАЗМҰНЫ.
Кiрiспе.
§1. 8-сыныпта сызу пəнінен алған бiлiмдердi қысқаша қайталау жəне қорыту.
§2. Қималар.
§3. Қима түрлерi.
§4. Қималардағы шарттылық пен ықшамдаулар.
§5. Тiлiктер.
§6. Тiлiк түрлерi.
§7. Қарапайым жəне жергілікті тіліктер. Олардың сызбаларда белгіленуі.
§8. Бақылау жұмысы.
§9. Көрiнiстiң жартысы мен тiлiктiң жартысын бiрiктiру.
§10. Көрiнiстiң бөлiгiн тiлiктiң бөлiгiмен бiрiктiрiп кескiндеу.
§11. Аксонометриялық проекцияда (изотермияда) тiлiктердi кескiндеу.
§12. Фронталь диметрияда тiлiктi кескiндеу.
§13. Қима мен тiлiк талап ететiн тетiкбөлшектердiң эскизiн салу.
§14. Эскиз салу бойынша практикалық жаттығу жəне техникалық сурет салу.
§15. Бақылау жұмысы.
§16. Сызбалардағы шарттылық пен ықшамдаулар.
§17. Тетiкбөлшектiң пiшiнiн дизайн негізінде конструктивті өзгертуге қатысты жобалау.
§18. Жобалауға қатысты графикалық мəселелер.
§19. Тетiкбөлшектiң кеңiстiктегi жағдайын өзгертуге жəне қайта жобалауға қатысты шығармашылық графикалық жұмыстар.
§20. Машинажасау сызбалары. Бұйымдардың жəне конструкторлық құжаттардың түрлерi.
§21. Ажырайтын жəне ажырамайтын бiрiктiрулер.
§22. Бұрандалар (резьба) жəне оларды сызбаларда кескiндеу.
§23. Бұрандамалық бiрiктiрудi салу.
§24. Ұстастырмалық бiрiктiрудi салу.
§25. Бақылау жұмысы.
§26. Қарапайым құрастыру сызбаларын оқу.
§27. Конструкциялауға қатысты мəселелер.
§28. Компьютерде түзу сызық, бұрыш жəне тегіс пішіндерді салу.
§29. Берілген қарапайым тетікбөлшектердің кеңістіктегі күйін жəне оның пішінін компьютердің көмегімен дизайн негізінде ішінара өзгерту.
§30. Компьютердің көмегімен бұйымдарды жобалау.
§31. Құрылыс сызбалары. Ғимараттың сызбанұсқасы. Тiлiк пен қасбет.
§32. Құрылыс сызбаларын оқу.
§33. Бақылау жұмысы.
§34. Бас жоспар сызу бойынша практикалық сабақ.
1-қосымша. Күрделі тіліктер.
2-қосымша. Схемалар.
3-қосымша. 1-, 2-, 3-графикалық жұмыстарға арналған варианттар.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Сызу, 9 сыныб, Рахманов И., 2019 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Теги: :: :: ::


 


 

Книги, учебники, обучение по разделам




Не нашёл? Найди:





2024-11-23 10:08:06